«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС бірліктік қуаттылығы 30 кВт-тан бастап 350 кВт-қа дейін құрайтын газ піспекті электр стансаларды ұсынады, олар келесі отын түрлерін пайдаланып жұмыс жасайды:

  • магистральдық газ
  • ілеспе мұнай газы
  • шахталық метан

Газ піспекті электр стансалары бір-бірімен де, қолданыстағы желімен бірге де қатар жұмыс жасай алады. Электр стансаларының жиынтық қуаттылығын пайдалану үшін түрлі қуаттылықта жұмыс істейтін агрегаттардың қатар жұмысын ұйымдастыруға болады.

Газ піспекті электр стансаларының артықшылықтары:

  • үнемді
  • шетелден әкелінетін үлгілермен салыстырғанда құны айтарлықтай төмен
  • автономды, дала жағдайларында пайдалануға болады және жөндеуге жарамды келеді
  • орнату және іске қосу үшін аз уақытты қажет етеді
  • құрамдас және шығын материалдары Қазақстан Республикасы аумағында бар

Газ піспекті электр стансаларының ҚР ТЖМ-нен берілген рұқсаты бар

Газ піспекті электр стансалары келесі мәселелерді шешуде дұрыс таңдау болып табылады:

  • Ілеспе мұнай газын (ІМГ) және шахталық метанды кәдеге жаратуда
  • Ілеспе мұнай газын шырағданда жаққан кезде туындайтын экологиялық мәселелерді шешу үшін Тікелей сіздің кәсіпорныңыздың аумағында электр энергиясын өндіру кезінде
  • Өндірістік нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз етуде

Газ піспекті электр стансаларының шырағданда жаққан кезде әдетте ауаны ластап, оттегінің жануына әкелетін ілеспе газдарды пайдаға асыруға жағдай жасайтын бірегей мүмкіндіктері бар.

«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС газ піспекті электр стансаларын жеткізуден бастап, нысанды тапсыруға дейінгі жұмыстарды атқарып, іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау бойынша қызметтерді ұсынады, қызметкерлерді оқытумен айналысып, жеткізілген жабдыққа қызмет көрсетеді.

Жасап шығарылатын түрлері:

  • Жылу сақтайтын блок-контейнерде
  • Жақтау ішінде

Газ піспекті электр стансаларының жалпы өлшемдері мен сипаттамалары:

  • Ток: айнымалы үш фазалы ток
  • Атаулы кернеуі: 400 В
  • Атаулы жиілігі: 50 Гц
  • Атаулы қуаттылық коэффициенті: 1
  • Газ қысымы: 1-5 кг/см²

Газ піспекті электр стансалары үлгілерінің техникалық сипаттамалары:

Үлгі Атаулы қуаттылығы (ұзақ уақыт бойы),
кВт/кВА
Бір сағаттағы қуаттылығының ең үлкен шамасы
кВт/кВА
Атаулы ток, А
 
ӨСА-30 30/37,5 33/41,25 54
ӨСА-60 60/75 66/82,5 108
ӨСА-100 100/125 110/137,5 180
ӨСА-150 150/185,5 166/206,25 270
ӨСА-200 200/250 220/275 360
ӨСА-250 250/312,5 275/343,75 450
ӨСА-315 315/394 346/433 570
ӨСА-350 350/437,5 385/481,25 630


Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.