«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС — Қазақстан нарығындағы ең сенімді және заманауи компаниялардың бірі. Компанияның негізгі қызмет бағыттары келесі бұйымдарды жеткізу және құрастырумен байланысты:

  • Инженерлік желілердің қажетті жиынтығымен жабдықталған, өлшем түрлері сан алуан құрамалы панельдік құрылмалар және блок-контейнерлер негізінде жасалған модульдік ғимараттар мен құрылыстар
  • Металды құрылмалардан жасалған тез тұрғызылатын ғимараттар
  • Энергетикалық және экологиялық жабдықтар

Біздің өндірісімізден шыққан өнім Қазақстан Республикасында, Ресей мен таяу шетелдерде өзін жақсы жағынан танытты.

Біз тапсырысты жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде жобалау және жасап шығарудан бастап, нысанның қай жерде орналасқанына қарамастан, толық жиынтықтамамен жеткізу, құрастыру және құрастырудың үстінен бақылау жүргізуге дейінгі қызметтердің бүкіл кешенін ұсынамыз.

Тез тұрғызылатын құрылыстың озық технологиялары халықаралық стандарттарға жауап беретін заманауи ғимараттарды салуға мүмкіндік береді.

Өнімдердің келесі тізімін ұсынамыз:

Нормативтік құжатнамадағы талаптарды қатаң сақтай отырып және Тапсырыс берушінің тілектеріне сәйкес тапсырыстарды орындау біздің жұмысымызда көңіл бөлінетін негізгі мәселе болып табылады.

«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС – бұл жоғары білікті мамандардан құралған ұйымшыл ұжым. Қызметкерлердің кәсіпқойлығы, сондай-ақ, заманауи технологиялар мен сапалы материалдарды пайдалану біздің компанияға күрделік дәрежесі әртүрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.удалено предложение Компанияның жеткізетін өнімі қажетті құжантаманың толық жиынтығымен қоса жіберіледі.

Біздің компанияның стратегиясы:

  • Әрбір клиентке жеке-дара қатынас жасау
  • Баға белгілеудің икемді жүйесі
  • Жеткізілетін өнім мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы
  • Келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерді нақты орындау

Бізбен жұмыс жасау арқылы сіз нысанды жобалаудан бастап, оны толығымен дайын етіп өткізу бойынша 10 жылдық тәжірибесі бар бір компания мамандарының кешенді қызметін аласыз, демек уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдейсіз деген сөз.

Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.