«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс Компаниясы» ЖШС металды құрылмалардан жасалған күрделік дәрежесі әртүрлі және түрлі атқарымдық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, жасап шығару, жеткізу және құрастыру бойынша бүкіл қызмет түрлерін жылдам әрі сапалы деңгейде көрсетеді.

МҚ-дан жасалған ғимараттар мен құрылыстар келесі мақсаттарда пайдалануға арналған:

  • өнеркәсіптік және қоймалық кешендер
  • төбесі жабық базарлар, көрме павильондары, спорт құрылыстары
  • ұшақжайлар, гараждар, қалқалар
  • бірегей құрылыстар

«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс Компаниясы» ЖШС жеткізетін металды құрылмалардан жасалған ғимараттардың артықшылықтары:

  • Бірегей конструкторлық шешімдер металл қақтауға жұмсалатын шығындарды тиімді етеді
  • Қаңқалар элементтерін жоғарғы дәлдікпен жасап шығару құрылыстың құны мен мерзімін барынша азайтып, олардың беріктігін және ұзақ мерзімге жарамдылығын қамтамасыз етеді
  • Құрастыру жұмыстарын кез-келген климаттық аймақтарда қысқа мерзім ішінде өткізуге мүмкіндік береді
  • Бұрандамамен бекітілген бөлшектердің арқасында ғимаратты құрастыру кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары азаяды
  • Құрылмалардың ерекшеліктері іргетесқа жұмсалатын шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді
  • Ғимараттың қаңқасынан бастап, ғимараттың бүкіл жиынтығы, оның ішінде ішкі инженерлік желілер жеткізіледі

Металды құрылмалармен құрылыс жүргізу - ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу саласындағы келешегінен мол үміт күттіретін және аса жылдам дамып келе жатқан, өндірісті дамытудың, тауарларды сақтау мен қызметтерді ұсынудың инновациялық бағыттарын қамтамасыз ететін тәсіл.

МҚ-дан жасалған ғимараттарды жеткізудің үлгілік жиынтығына келесілер кіреді:

Металдан жасалған қаңқа:

  • Металл бұйымның сұрыпталған түрінен немесе тұрақты және ауыспалы қимасы бар дәнекерленген қос таврдан жасалады
  • Қаңқа элементтері бұрамамен біріктірілген бөлшектердің көмегімен құрастырылады
  • Ғимарат қаңқасының қаттылығы жалпы тіректерден, алдын ала керілген көлденең және тік байланыстар жүйесімен қамтамасыз етіледі
  • Тапсырыс берушінің қалауы бойынша секциялық-көтергіш және кең ашылатын қақпалармен, 50 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын жүк көтергіштермен, кран-арқалықтармен және көпірлі крандармен қосымша жабдықталады

Қажетті қосалқы элементтері бар қоршау құрылмалары (жылу сақтайтын және жылу сақтамайтын түрлері):

  • Жылуды сақтамайтын қоршау түрін пайдаланған жағдайда ғимараттың сыртқы қаптамасы пішіндетілген болат табақтан жасалады, табақтарының жиектері үсті-үстіне салынып, біріктіріледі
  • Жылу сақтайтын нұсқасы келесі тәсілдердің біреуі арқылы іске асырылады:
    • — зауыттан толығымен дайын түрде шығарылатын сэндвич-панельдер, панельдер «құлыпқа біріктірілгендей» бір-бірімен бекітіледі
    • — Табақ-табақ етіп құрастыру тәсілі (орнату кезінде ұйымдастырылатын «сэндвич»)
  • Төбені жабатын және қабырғаға арналған панельдер ғимарат қаңқасының белағашына бітегіш тығырығы бар өздігінен бұрап кіргізілетін бұранда арқылы бекітіледі
  • Жабынның барлық элементтері мен қажетті қосалқы элементтер буып-түйілген түрде жеткізіледі және олардың тиісті таңбаламасы болады

Буып-түю және тасымалдау:

«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс Компаниясы» ЖШС сіздің компанияңызға ыңғайлы кез-келген көлік түрі арқылы (теміржол, теңіз көлігі немесе автокөлік) ғимараттар жиынтығын тиеп түсіріп береді.

Металды құрылмалар тасымалданған кезде пакеттерге салынып, бір-бірімен буып байланады.

Сэндвич-панельдер еуро-табандыққа салынып, полиэтилен қабықшаға түйіліп, жабылады. Жиынтықтың ұсақ элементтері ағаш жәшіктерге салынады.

Жобалау кезінде қаңқа мен қоршайтын құрылмалар элементтерінің ұзындығы ескеріліп, бұл қосымша рұқсат алуларды рәсімдеместен, тасымалдау жасауға мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.