«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС құрамында мұнайы бар және өнеркәсіпте пайдаланылған суларды тазалайтын қондырғыларды ұсынады, олар қысым астында қатты бөлшектерді суда айыру қағидасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Бұл жүйелер келесі мақсаттарға арналған:

  • Кәсіпорындар, мұнай базалары, автокөлікке жанармай құю бекеттері, көлік шаруашылықтары, автокөлік тұрақтары аумақтарындағы құрамында мұнайы бар пайдаланған суларды мұнай өнімдерінен, ауадағы қалқымалы заттардан, майлардан, беттік белсенді синтетикалық заттардан, нөсерден жиналған ағынды сулардағы жартылай органикалық ластанулардан тазалау.
  • Теміржол көлігі және автокөлік жуу орындарындағы ағынды суларды, оның ішінде кері айдау арқылы сумен қамтамасыз ететін жабдық арқылы тазалау, бұл жуудың циклында суды бірнеше рет пайдаланып, суды тұтыну шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
  • Азық-түлік өнеркәсібіне жататын кәсіпорындардың өндірісінде пайдаланылған суларды тазалау: теңіз және өзен айлақтарындағы кемелердің машиналық бөлімдерінің еден астында пайда болатын сулар, ет-сүт, кондитерлік, балық өңдеуші кәсіорындардағы суларды тазарту.

Жалпы мағлұматтар:

Пайдаланылған судың түріне және тазартылған суға қойылатын талаптарға байланысты суды тазалау реагенттерді (коагулянттарды, флокулянттарды) қолдана отырып немесе қолданбастан жүргізіледі.

Қондырғылар температурасы +5 °С-ден төмен түспейтін жабық өндірістік жайларда пайдалануға арналған.

Біздің компания тіршілікті қамтасыз етуге қажетті жүйелермен жабдықталған арнайы блок-контейнерлерде жабдықты жеткізеді (температурасы 55 -ден +55 °С-ге дейінгі аралықтағы қоршаған ортада пайдалануға болады).

Құрамында химиялық белсенді сұйықтықтары бар немесе тот бастыру белсенділігі жоғары, пайданылған суларды тазалау үшін «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС тот баспайтын материалдардан дайындалған құрылғыларды пайдалануды ұсынады.

Жүйенің артықшылықтары келесідей:

  • тазалау мүмкіндігі жоғары дәрежеде
  • сенімді әрі берік
  • пайдалануға кететін шығындары төмен
  • көлемі шағын
  • шетелден әкелінетін баламалы үлгілеріне қарағанда құны төмен
  • жұмсалған шығындарды тез өтейді
  • автоматты тәртіпте жұмыс жасайды
  • пайдаланылған суларды тазартпай, төккені үшін салынатын айыппұлмен жазалау мәселесін шешеді

Біздің компанияның мамандары дербес техникалық тапсырма және пайдаланылған суға талдау жүргізе отырып, қажетті өнімділік көрсеткіші бар жабдықты сізге таңдап береді.



Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.