«АС БИО» стансалары вахталық ауылдардағы, әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардағы, коттедждік ауылдардағы және т.б. нысандардағы шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды және құрамы жағынан соған ұқсас суларды биологиялық жолмен толығымен тазалауға арналған.

Шаруашылықта және тұрмыста пайдаланылған суларды биологиялық жолмен тазалау стансаларының техникалық сипаттамалары:

Атауы Тұрақты пайдаланатын адам саны Ағынды судың бір күнде құйылған мөлшері м/тәул. Қуаттылығы, W Электр энергиясын тұтынуы, кВт сағ./тәул. Салмағы, кг Габаритті өлшемдер, м
ҰзындықЕнБиіктік
 
АС БИО-5 5 1,0 60 1,5 250 1,00 1,00 2,40
АС БИО-8 8 1,5 60 2 350 1,50 1,00 2,40
АС БИО-10 10 2,0 120 3 450 2,00 1,00 2,40
АС БИО-15 15 3,0 120 3 450 2,00 1,00 2,40
АС БИО-20 20 4,0 160 4 530 2,00 1,50 2,50
АС БИО-30 30 6,0 200 5 600 2,00 2,00 2,50
АС БИО-40 40 7,0 240 6 600 2,00 2,00 2,50
АС БИО-50 50 9,0 320 8 850 3,00 2,00 3,00
АС БИО-75 75 12,0 400 10 1 050 4,00 2,16 3,00
АС БИО-100 100 16,0 600 15 1 200 4,10 3,10* 3,00
АС БИО-150 150 24,0 765 30 3 100 4,10 4,10* 3,00

* екі «АС БИО» стансасының көлемі көрсетілген

Артықшылықтары:

  • Үш сағат ішінде стансаны қосу
  • Иістің болмауы
  • Жердің үстінде және де топырақ ішіне құрастыру оңай
  • Энергия тұтыну мөлшері тәулігіне 1,5 кВт-тан 18 кВт-қа дейін
  • Автономды жұмыс жасайды
  • Ауыстырып тұруды қажет ететін сүзгілері жоқ
  • Жер бедеріне және балық шаруашылығына арналған су қоймаларға төгу нормаларына дейін ағынды суды тазалау
  • Сыртқы қорабының пайдаланылу мерзімі 50 жылға дейін
  • Суды жеміс беретін өсімдіктер мен гүлзарларға себуге болады

Стансалардың жұмыс жасау ерекшеліктері:

  • Биологиялық белсенді тұнба қондырғының бастапқы жұмыс жасау кезеңінде өздігінен, қондырғыға қосымша құнарландырулар мен реагенттерді қоспастан, түзіледі
  • Қондырғы автоматты түрде жұмыс жасайды және күнделікті қызмет көрсетуді қажет етпейді. Қақпағын ашып, оның дұрыс жұмыс жасап тұрғанын ауық-ауық тексеріп қарап шығу ғана қажет.

«АС БИО» стансалары екі нұсқада жасалады:

  • Арнайы блок-контейнерде жердің үстіңгі қабатына орнатылатын нұсқасы (температурасы 35 -ден +50 °С-ге дейінгі аралықтағы қоршаған ортада пайдалануға болады)
  • Жерге батырылған түрі (топырақтың ішіне орнату)

«АС БИО» стансаларын орналастырудың жолдары:

  • 1. Шаруашылық-тұрмыстық суларды биологиялық жолмен тазалау стансаларына тарту
  • 2. Шаруашылық-тұрмыстық суларды биологиялық жолмен тазалау стансалары
  • 3. Құрғататын құдық



Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.