«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС қуаттылығы 0,1 МВт-тан бастап 40 МВт-қа дейінгі блок түріндегі модульдік қазандықтарды ұсынады, олар отынның әртүрлі түрлерін пайдаланып жұмыс жасайды:

  • сұйық — дизель отыны, мұнай, мазут
  • қатты – көмір (жергілікті аймақтардағы), шымтезек және сұрыпталған антрацит
  • газ тәрізді – табиғи және ілеспе газ

Модульдік қазандықтар келесі құрылыстарды жылумен қамтамасыз ету кезінде қолданылады:

  • вахталық ауылдар, әкімшілік-тұрмыстық кешендер
  • тұрғын-үй нысандары (коттедждер, көп пәтерлі үйлер)
  • шипажайлар, мектептер мен басқа да әлеуметтік, өндірістік жайлар
  • жаңа нысандарды орнату және салу кезінде

Модульдік қазандықтардың артықшылықтары:

  • тұтынушыға тасымалдау кезінде жылу мен жылу тасығыштардың жоғалуын азайтудың нәтижесінде, жылытуға төленетін ақы төмендейді
  • күрделі ғимараттарды тұрғызу бойынша шығындардан босатылады
  • қыса мерзім ішінде жасап шығарылып, жеткізіледі, құрастырылады және пайдалануға беріледі
  • тапсырыс берушінің тілегі бойынша қазандықты толығымен (ішінара) автоматтандыруға болады

Блок түріндегі модульдік қазандықтардың түрлері:

  • қатты, сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс жасайтын қуаттылығы 0,1 МВт-тан 40 МВт-қа дейінгі су жылытатын модульдік қазандықтар
  • қатты, сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс жасайтын өнімділігі сағатына 0,5 тоннадан 20 тоннаға дейінгі бу мөлшерін құрайтын модульдік бу қазандықтары

«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС-нің қуаттылығы 0,1 МВт-тан 40 МВт-қа дейінгі блок түріндегі модульдік қазандықтары (өнімділігі сағатына 0,5 тоннадан 20 тоннаға дейінгі бу мөлшерін құрайды) зауыттан толығымен дайын күйде шығарылатын, пайдалануға толығымен дайын қазандықтар болып табылады. Модульдерде технологиялық жабдық, қауіпсіздік автоматикасы, электр жабдығы, су дайындау қондырғысы, технологиялық процестерді реттеу, бақылау, дабыл беру және басқаруға арналған автоматты аспаптар, сондай-ақ, күзет-өрт дабылдамасы, автоматты түрде өртті өшіру жүйесі жобаланып, орнатылған.

Модульдердің саны қазандықтардың қуаттылығымен белгіленеді. Қазанның саны мен қазандықтардың белгіленген қуаттылығына байланысты олар бір немесе бірнеше блок-контейнерлермен жинақталады, олар қажетті жерде бұрандамамен бекітілген бөлшектер арқылы тұтас бір ғимарат түрінде құрастырылады.

Қазандар мен жалпы қазандықтардың автоматикасы апаттық жағдайларда отынды беруді тоқтатады, қазандықтың іске қосылуы мен тоқтатылуын қамтамасыз етеді. Инспекция жүргізетін органдардың талаптарына толығымен сәйкес ете отырып газды, суды және электр энергиясын есепке алатын барлық аспаптар қазандықтарға орнатылған.

Модульде орналастырылған жабдық пен коммуникацияларды қайта бөлшектеместен, теміржол платформасы немесе автокөлік арқылы қазандық құрастыру орнына дейін жеткізіледі.

Жылу желілерінде апат орын алған жағдайда тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, салынып жатқан нысандарда уақытша жылу көзі ретінде пайдалану үшін «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС шасси немесе сүйретпелерге жайғастырылған жылжымалы қазандықтарды жеткізеді.

Жылжымалы қазандықтардың артықшылықтары:

  • апаттық жағдайларда шассимен қозғалту арқылы тасымалдауға болады
  • үш сағат ішінде қосылады
  • ашық су қоймаларынан су жинау мүмкіндігі бар
  • дизельдік электр стансасымен жабдықталу есебінен толығымен автономды жұмыс жасайды
  • кез-келген ауа-райы жағдайларында қолдануға болады


Қазақстан Республикасы,
050059, Алматы қ.
Әл-Фараби даңғылы, 5-шi үй
«Нұрлы Тау» бизнес орталығы

+7 (727)2-777-085

+7 701206-62-66

Модульные здания. Реализованные объекты. Фото.