- Су дайындау жүйелері
- Өнеркәсіптік суағарларды тазарту
- Тұрмыстық суағарларды тазарту
- Блок-контейнерлер, вахталық кенттер
- Металл құрылмалы ғимараттар
- Газ-мікбас электр станциялары
- Дизельдік электр станциялары
- Модульдік қазандықтар
Құрамалы панельдік құрылмалар тұрғын-үй, кеңсе, сауда, спорт және басқа да мақсаттарға арналған ғимараттарды салу кезінде пайдаланылады. ҚПҚ негізіндегі ғимараттардың құрылымы табан, шатыр арқалығы және үстіңгі жабын панельдерінен, қабатаралық тіреуден құралады. Құрылма бұрандама арқылы біріккен бөлшектер арқылы бекітіледі. Сыртқы қабырғаларды қоршайтын құрылмалар ретінде қалыңдығы әртүрлі, (100-300 мм) жылу сақтайтын материалдары бар сэндвич-панельдер қолданылады.
Толық дәнекерленген блок-контейнердің негізін иілген болат профильдерден жасалған металл қаңқа құрайды. Профильдер қаңқаның металл элементтеріне жалғанып бекітілетін, қимасы әртүрлі ағаш кесектен балқытып біріктіріледі. Ағаштан жасалған элементтерге өрттен және әртүрлі биологиялық азғалардан қорғайтын құрам жағылады.
Сыртқы қаптауы мырышпен қапталып, пішінделген, полимерлік қабаты бар болат табақтан жасалады. Минералды мақта және фольгаланған пенофол, буды өткізбейтін материал жылу сақтайтын зат ретінде пайдаланылады.
Тапсырыс беруші ішкі өңдеуді өзінің қалауына сәйкес таңдай алады.
Блок-контейнерлердің бұл түрі механикалық үлкен салмақтарды көтере алатын бөлмелерді ұйымдастыру үшін және аса жағымсыз ортада пайдаланылатын ғимараттар үшін қолданылады. Негізгі қолданылу аясы – электр стансаларын, сорғы қондырғыларын, зертханалар мен басқа да технологиялық нысандарды орнату үшін. Блок-контейнердің негізін тіреу панелі күшейтілген металл қаңқа құрайды. Қабырғаны қоршайтын зат ретінде кесектелген, екі жақты болат табақпен зауытта өңделіп, базальттық мақтамен іші толтырылған, қалыңдығы әртүрлі сэндвич-панелдер қолданылады.
Аталған блок-контейнерлер құрылмасының негізінде жылуды қосымша сақтай алатын, ыңғайлы түрде пайдалануға болатындай етіп жасалған теңіз көлік контейнері жатыр. Бұрышқа арналған тіреу және қабырғаның бүкіл ауданы бойынша орналасқан 3 мм болат табақтан жасалған, өз салмағын өзі көтеріп тұратын қалың қаңқа әртүрлі заттардың ішке енуінен барынша қорғап, аса жоғары деңгейде оның беріктігін қамтамасыз етеді.
Вагон-үй – жұмысшылар мен мамандардың көшпелі бригадаларын уақытша орналастыру және олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге арналған, шассиге жайғастырылған жылжымалы ғимарат. Вагон-үйлерді әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болады және теміржол көлігі арқылы және де ортақ пайдалануға арналған жолдарда өздігінен сүйретіп тасымалдауға болады.
Сүйретпелерге жайғастырылған блок-контейнер болат құбырдан арнайы дайындалған шанаға орнатылған, толық дәнекерленген блок-контейнер болып табылады. Мұндай ғимараттар іргетасты қажет етпейді және тікелей топырақтың үстіне орнатыла береді. Тіркеп сүйреу арқылы, автокөлікпен, теміржол көлігімен тасымалданады.
«Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС құрамалы-бөлшектемелі блок-контейнерлері зауыттан толығымен дайын күйде шығарылатын панельдерден және бұрышқа арналған тіреулерден тұрады. Блок-контейнер қаңқасының негізін табан және үстіңгі жабын панельдерімен бір жақтауға біріктірілген бұрышқа арналған болат тіреулер құрайды. Қабырғаларды көтеру үшін терезелері мен есіктері алдын ала орнатылып қойылған, кесілген ойықтары арқылы біріктірілетін қабырға панельдері қолданылады.
Блок-контейнер дәнекерлеусіз бұрандамамен бекітілген бөлшектер арқылы құрастырылады.
Тез тұрғызылатын модульдік ғимараттар негізіндегі вахталық ауылдар – жаңа аймақтарды игерумен және қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейтумен айналысатын қазіргі заманғы компаниялар қызметкерлерінің жұмысы мен тұрмысына қажетті жағдайларды ұйымдастыруға арналған ең тиімді тәсіл.
Қызметкерлерге арнап қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау еңбектің өнімділігі мен тиімділігіне әсер ететін маңызды психологиялық фактор болып табылады. Кез-келген климаттық және сейсмикалық жағдайларда пайдалануға жарамды заманауи құрылмалар, материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ, тұрғызылатын ауылдар мен модульдік ғимараттарды жабдықтауда кешенді тәсілдемені ұстану біздің алдымызға қойылған қызмет жүргізуге жайлы жағдайларды жасау бойынша міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік береді.
Құрылыс алаңының ауданына және Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне байланысты құрамалы панельдік құрылмалар негізіндегі модульдік ғимараттар мен блок-контейнерлердің сан алуан сәулеттік пішіндері және қажетті жоспарлау шешімдері болуы мүмкін.
Жеке тұратын блок-контейнерлермен салыстырғанда, модульдік кешендердің сөзсіз артықшылығы әртүрлі мақсаттарда пайдалануға арналған бірқатар бөлмелерді бір ғимарат ішінде біріктіруге болатындығында жатыр.
ҚПҚ және блок-контейнерлер негізіндегі ғимараттар төбе жабындысы металл жабыңқыштан немесе мырышпен қапталып, пішінделген полимерлік қабаты бар табақтан жасалған бір, екі немесе төрт жақты ортақ шатырмен жабылған бір, екі немесе үш қабат түрінде құрастырылуы мүмкін.
Ғимараттар кез-келген іргетастың (таспа, блок, қада, құбыр түріндегі) үстіне құрастырыла алады.
Модульдік ғимараттарды құрастыру бұрандамамен бекітілген бөлшектер арқылы жасалады. Модульдік ғимараттарды құрастыру кезінде «ылғал үдерісі» деп аталатын жағдайлар болмайды, бұл жылдың кез-келген мерзімінде жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Компания жоғары білікті мамандардың күшімен үлгілік және дербес жобалар бойынша дайындалған блок-контейнерлер негізіндегі модульдік ғимараттарды құрастыру бойынша қызметтерді және құрастыру үстінен басқару жүргізу қызметтерін ұсынады.
Қазақстан Республикасы нарығында біздің компания өзін сенімді әрі тұрақты серіктес ретінде танытты. Тәжірибесі мол қызметкерлер құрамы, жобалау, өндірістік және құрылыс бөлімшелерінің болуы бізге қысқа мерзім ішінде Тапсырыс берушінің барлық талаптары мен сапа стандарттарына жауап беретін ауылдарды салуға мүмкіндік береді.
Біздің компанияның негізгі бәсекелестік артықшылығы вахталық ауылдарды салуда кешенді тәсілдемені қолдануында жатыр, біз оны өз жобаларымызда сәтті жүзеге асырып келеміз.
1. Ауылды жобалау. «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС мамандары Тапсырыс берушінің ерекше талаптарын, құрылыс алаңындағы топографиялық түсірмелер мен геологиялық ізденістерді ескере отырып, ғимаратттардың жоспарлау шешімдерін және ауылдың бас жоспарын әзірлейді. Жобалау жұмыстарын аяқтаған соң, құжатнама Тапсырыс берушімен келістіруге жіберіледі.
2. Құрамалы панельдік құрылмалар мен блок-контейнерлерді жасап шығару. Техникалық тапсырманы Тапсырыс берушімен келістірген соң, «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС модульдік ғимараттарды жасап шығарып, қажетті жабдықпен, жиһазбен толығымен жабдықтап шығады. Қажет болған жағдайда біздің компания вахталық ауылды тұрғызуға қатысты дербес жобаны әзірлейді.
3. Жеткізу. Құрамалы панельдік құрылмалар, блок-контейнерлер, вахталық ауылды тұрғызуға қажетті жабдық пен материалдарды «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС құрылыс алаңына теміржол көлігімен және автокөлікпен жеткізеді.
4. Ғимараттар мен құрылыстарды құрастыру. Біздің компания құрылыс алаңына жеткізілетін ҚПҚ, блок-контейнерлер, жабдықтар мен жүйелердің зауыттан жоғары деңгейде толығымен дайын күйде шығарылуы есебінен вахталық ауылдарды құрастыруға аз уақыт жұмсайды.
5. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қосу. Ғимараттарды құрастыру аяқталған соң, олар қолданыстағы орталықтандырылған желілерге немесе «Мұнай Құрылыс» Қазақстан Құрылыс компаниясы» ЖШС жеткізген келесі автономды жүйелерге қосылады:
6. Жұмыстарды қабылдау. Вахталық ауылды тұрғызу жұмыстары аяқталған соң, қолданыстағы құрылыс нормаларына және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келуі жағынан оны қабылдау жүргізіледі.
Тапсырыс берушінің вахталық ауылды салу бойынша жобасын аяқтаған соң, вахталық ауыл пайдаланумен байланысты қасиеттерін жоғалтпастан, қайта бөлшектеліп немесе жаңа орынға көшіріле алады.